Дәрігерлер ана мен бала денсаулығын басты назарда ұстайды

Ана мен бала денсаулығы қашанда күн тәртібінен түспек емес. Осы мақсатта облыстық балалар ауруханасына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұлттық координаторы Гауһар Әбуова арнайы келді. Ол ана мен баланың денсаулығын жақсартуға жауапты мамандармен кездесті. Мамандар алдыңғы жылы Созақ ауданда болып, осы бағытта аналармен кездескен болатын.

Дәрігерлер ана мен бала денсаулығын басты назарда ұстайды
Дәрігерлер ана мен бала денсаулығын басты назарда ұстайды

 Гауһар Әбуова, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұлттық координаторы: «Созақ ауданында  халықпен жүздесіп, ана мен баланың өліміне себепші болатын 5 түрлі факті түсіндірілді. Аналарға, олардың енелеріне, күйеулеріне, медицина қызметкерлеріне жеке-жеке түсіндіру сабақтары жүргізілді. Жалпы, жүкті әйелдер құрсақта жатқан балаға жағымсыз әсерін тигізбейтін көңіл-күйде жүру керек. Осы мәселелер отбасында талқыға салынды. Осындай мәселелер бойынша, басшылар мен медициналық өкілдер  жұмыс істеп келеді.»

Гауһар Әміржанқызының айтуынша, Созақта атқарылған іс көп. Алайда, шешімін таппаған бірқатар мәселелерге қаржы жетіспеушілігі қолбайлау болған. Ауданда қазір соңғы үш жылда ана мен бала өлімі 45 пайызға кеміген. Созақ ауданының мәселесі облыстық әкімдікте сөз болды. Онда көлік мәселесін түбегейлі шешіп, ата-аналар мен жұмысты жандандыру керегі айтылды. Нәтижесінде жоспар түзіліп, оған облыстық бюджеттен қаржы қарастыралатын болды.