Ауызсуға жарымай келген

«Ауыз су» және «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы, тұрғындардың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі қай дәрежеде екендігін тексерген болатын
«Ауыз су» және «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы, тұрғындардың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі қай дәрежеде екендігін тексерген болатын
«Ауыз су» және «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы, тұрғындардың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі қай дәрежеде екендігін тексерген болатын

Жақында Түркістан қалалық прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен және басқа да құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Ауыз су» және «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы, тұрғындардың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі қай дәрежеде екендігін тексерген болатын.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын бекіту туралы» №570 Қаулысының талабы Түркістанда өрескел бұзылғаны анықталды. Қала аумағындағы елді мекендердің ауыз сумен нақты қамтамасыз етілуін халықпен кездесу арқылы көз жеткізілгенін айта кету керек. тексеру барысында кейбір елдімекендерде ауыз су берілмей жатқаны немесе толық көлемде 24 сағат бойы берілмейтіні анықталды.

Мысалы, Сауран ауылдық округі, Майдантал елді мекені және Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елдімекенінде тұрғындар ауызсуға зәру. Суды құдықтардан алып пайдалануда.

Ал, Жүйнек ауылдық округі, Шыпан елді мекенінде – 4 сағат, Қызыл жол және Жүйнек елдімекендерінде – 10-12 сағат, Қарашық ауылдық округі, Қарашық елдімекенінде – 8 сағат, Құмтиын елдімекенінде – 12 сағат, Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан елдімекенінде – 12 сағат, Түркістан қаласы, Ортақ массивінде – 12 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Осындай келеңсіздіктерге жол берген сала мамандарын жауапкершілікке тарту жөнінде Түркістан қаласы әкіміне ұсыныс берілді. Осылайша, «Түркістан – су» МКК-на «Түркістан-су» МКК және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдар бөлімі» мекемелерінің 8 қызметкеріне тәртіптік шара көрілді.

Қазір қалалық прокуратураның ықпалымен Түркістан қаласы және оған қарасты елдімекен тұрғындары толықтай ауыз сумен қамтамасыз етілді.

А.Пашаев, Түркістан қаласының прокуроры