Көліктер қалай болса, солай қойылған

Енді көпқабатты үйдің алдына қалдырып кеткен көлігіңізден айрылып қалсаңыз, таң қалмаңыз. Кез келген уақытта тәртіп сақшылары келіп, темір тұлпарыңызды алып кетуі мүмкін. Таяуда Шымкенттегі үйлердің бірінің ауласына полицейлер сау етіп келгенде, көлік жүргізушілері абдырап қалды. Сөйтіп, балалар алаңшасын тұраққа айналдырғандар айыппұл төлеуге мәжбүр болды.

Көліктер қалай болса, солай қойылған
Көліктер қалай болса, солай қойылған

Шымкенттегі Алдияров көшесіндегі № 4 үйдің ауласы ойын алаңына емес, көлік тұрағына айналып кеткен. Бұл үй Қырғы базардың қасында тұрғандықтан, тұяғы үзілмейтін тімір тұлпарлардан балалар сыртқа шығудан қалды дейді тұрғындар. Басынған жүргізушілермен өздері күресіп көрмек болғанымен, одан түк шықпапты. Үйдің ауласына кіретін жолды бөгеп, орнатқан темір мен қақпаны біреулер түн ішінде кесіп алып кетіпті.

Жүргізушілер, тіпті, ескерту белгілерін де пысқырмаған
Жүргізушілер, тіпті, ескерту белгілерін де пысқырмаған

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=g_NK8J-ylsc[/youtube]

Ақыры болмаған соң, әбден амалы таусылған тұрғындар тәртіп сақшыларына шағымданған. Үйдің ауласына келген жол полициясының қызметкерлері жүргізушілерге хаттама толтыра бастады. Өйткені, кондоминиумға бірікен үйдің ауласы жекеменшік аумақ саналады. Ал осы жекенің кеңістігіне кірген көліктер сол меншік иесінің арызы негізінде айыпқа тартылады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=w7fnX_3dRLM[/youtube]

Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексіне сәйкес, көлікті тыйым салынған жерге заңсыз қойып кеткен жүргізуші жауапқа тартылады. Кесілетін айыппұлдың көлемі – 6 айлық-есептік көрсеткішке, яғни, 10386 теңгеге тең. Ал кінәлі болған жүргізуші бір жылда тағы да заңды бұзса, екінші рет 26 мың теңге айыппұл төлеп, көлігі айып тұрағына қамалады.