Тұрғын үйлерді басқару нысанының тиімділігі

125

Шымкентте тұрғын үйлерге арналған 36 мүлік иелері бірлестігі және 101 жай серіктестік тіркелген. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов инстаграм әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде айтты.

Сөзінше, үшінші мегаполисте көпқабатты 2236 тұрғын үй бар. Оның 1672-сі кондоминиум нысаны ретінде тіркелген. 471-і мүлде тіркелмеген екен. Ал, коммуналдық және ведомствалық үйлердің қоры 130-ды құраған. Қала басшысы мүлік иелері бірлестігі мен жай серіктестік басқару нысанының тиімділіктерін де атап өтті.

Шаһар басшысы келешекте тұрғын үйлерде мүлік иелері бірлестіктері немесе жай серіктестік санын арттыру керектігін айтты. Бұл жүйе қаладағы тұрғын үй қорын күтіп ұстауға үлкен септігін тигізетінін жеткізді. Тұрғын үйлерді жаңа басқару нысандарына өткізу бойынша аудан әкімдеріне тапсырма берілген.

Олжас Айдарбек