Көпқабатты үйден өрт шықты

370

Таңертеңгі уақытта Шымкенттегі көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден өрт шықты. Бұл жайындағы суыт хабар өрт сөндіру бөліміне сағат 9 шамасында келіп түскен.

007

Хабарласқандардың айтуынша, Желтоқсан көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысындағы үйдің балконы өртеніп жатыр. Оқиға орнына 9 арнайы техника мен 37 өрт сөндіруші жедел аттанады.

Анық болғаны, 3-қабаттағы пәтердің балконындағы заттар жанып жатыр. Құтқарушылар жедел қимылдап, тілсіз жауды ауыздықтады.

006

Алдын ала болжам бойынша, келеңсіз оқиғаның орын алуына темекі тұқылының сөндірілмей тастауы себеп болуы мүмкін. 3 шаршы метр балкондағы заттар түгелімен жанып кетті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.