Оқу орнының мерейтойында торттан тосынсый таратылды

Торттың салмағы 10 келі
Торттың салмағы 10 келі
Торттың салмағы 10 келі

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 70 жылдық мерейтойына орай оқу орнының жеңіл және тамақ өнеркәсібінің студенттері ұжымға керемет тосынсый жасады.

Ол – үлкен торт. Іргелі жоғарғы оқу орнының ғимараттары сомдалған тортты аталған факультеттің студенттері пісірген. Университеттің 70 жылдық торқалы тойына келгендер тәтті наннан ауыз тиіп, мәре-сәре болды. Айтпақшы, бұл күні жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультетінің белсенді жастары өздері пісіріп әкелген тоқаш, құймақ, тәттілерін асханадағы бағадан 10-15 теңгеге арзан саудалап, ортақ жинақ сандықшаны теңгеге толтырды. Айта өтейік, бұл факультетте бүгінгі таңда 1300 студент білім алады.

Өмірхан Пайыз, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультетінің 3-курс студенті, студенттік ректордың тәрбие ісі жөніндегі проректоры: «Бізді бизнес жасап жатыр деп оймап қалмаңыздар. Біз – белсенді студенттер алдағы уақытта көптеген іс-шаралар жасап жатырмыз. Соған жылдық қор жинау керек. Жиналған ақшаны әлі санағанымыз жоқ.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=LIMk5XB97A4[/youtube]