Бұрында соттылығы болған азамат баламен ғаламторда танысқан

Шымкенттегі Абай полиция бөлімінің қызметкерлері педофилді құрықтады. Бұған дейін де 2 рет сотты болған 31 жастағы азамат 13 жасар жеткіншекті зорлаған. Азғын мұның алдында баланы ұрып соғып, әбден қорқытыпты. Тергеу барасында анықталғаны – қорланған бала күдіктінің танысы болып шықты.

Бұрында соттылығы болған азамат баламен ғаламторда танысқан
Бұрында сотты болған қылмыскер жас баламен ғаламторда танысқан

31 жастағы жігіт інісінің сыныптасымен ғаламтор арқылы танысқан. 13 жар баланың сеніміне кіріп, кездесуге шақырады. Гагарин көшесіндегі дәмханаға шақырып, баланы арбай бастапты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ar5-yExY_Vw[/youtube]

Қазіргі таңда қылмыскер қамауға алынды. Ал қорлық көрген жеткіншек үйінде емдетіп жатыр. Атап өту керек, мұндай оқиға қаламызда соңғы уақытта екінші рет орын алып отыр.