Жұлдызнама (02.10-09.10)

Зәберзат
Зәберзат
Зәберзат

Жасыл ақықты халық арасында «зәберзат» деп те атайды. Жасыл ақық зергерлік өнерде қолданылатын асыл тастың бір түрі болып есептеледі. Зеберзаттың түсі құрамындағы темір қоспасына байланысты сан түрлі болады. Жасыл ақықтың  кристалдары көк, көгілдір, жасыл көк, сұрғылт көгілдір болып келеді. Салмағы 110,5 кг, ұзындығы 49,5 см.

Жұлдызнама (02.10-09.10)

Тоқты (21.03-20.04). Тасы: гауһар тас, лағыл. 

Аптаның бірінші жартысында қаржы мәселесінде, отбасылық жағдайда және қызмет бабында түрлі қиындықтарға тап болуыңыз ықтимал. Нар тәуекелге бара білген Тоқтылар ұтылмайды.

Торпақ (21.04-21.05). Тасы: көгілдір ақық пен жақұт. 

Аптаның бірінші жартысында Тоқтылар іс-сапарға шығады. Сейсенбі, бейсенбі күндері әріптестеріңізбен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін. Аптаның екінші жартысын отбасыңызға арнағаныңыз жөн.

Егіздер (22.05-21-06). Тасы: ақық, жақұт.

Тынымсыз еңбегіңізбен, іскерлік қабілетіңіз басшалақ тарапынан бағаланбауы мүмкін. Дегенмен, ұнжырғаңыз түспесін. Апта барысында қаржы тапшылығын сезінген Егіздер қарыз алмауға тырысқаны абзал.

Шаян (22.06-23-07). Тасы: зүбаржат, інжу, сарғыш жасыл ақық, ай тасы. 

Апта барысында Шаяндардың жеке өмірінде бірқатар өзгерістер орын алмақ. Жұлдызшы мамандар бұл белгіде туылған ер-азаматтарға бастаған істі аяқсыз қалдыруға болмайтынын ескертеді.

Арыстан (24.07-23.08). Тасы: зүбаржат, топаз, оливин, кәріптас. 

Арыстандар аптаның бірінші жартысын шығармашылық қабілетін шыңдауға бағыттағаны жөн. Демалыс күндерін жанұяңызбен өткізуге тырысыңыз. Денсаулығыңыз сыр берсе дәрігерге көрінгеніңіз абзал.

Бикеш (24.08-23.09). Тасы: маржан, нефрит, ақық. 

Апта барысында күрделі мәсеселерді шешіп, бір марқайып қаласыз. Аптаның бірінші жартысы материалдық жағдайды жақсартуға қолайлы болмақ. Туысқандарыңызбен араздасып қалсаңыз, татуласқаныңыз жөн.

Таразы (24.09-23.10). Тасы: гауһар тас, жылтыр тас.

«Сақтықта қорлық жоқ» деген мәтелді естен шығармаңыз. Бұл аптада нар тәуекелге бармағаныңыз жөн. Аптаның екінші жартысында жеке өміріңізге өзгеріс енгізгеніңіз жөн.

Сарышаян (24.10-22.11). Тасы: жасыл ақық, лағыл, қызыл жақұт, маржан, анартас.

«Еңбек етсең емерсің» деген қағиданы ұстанған Сарышаяндар мол олжаға кенелмек. Жұмыс орнын ауыстыруға асықпаңыз. Апта барысында көптен бері көрмеген туысқандарыңызбен көрісесіз.

Мерген (23.11-21.12). Тасы: лағыл, күлгінтас, топаз, зүбаржат. 

Жұмысбастылықпен жүрген Мергендер отбасына көңіл бөлгені абзал. Қызметте маңызды құжатқа қол қоймас бұрын, жақсылап ойланғаныңыз абзал. Апта барысында сүйіктіңізді ренжітіп алмаңыз.

Тауешкі (22.12-20.01). Тасы: қарақошқыл лағыл, қара қошқыл оникс, көгілдір малахит.

Апта жағымды жағалыққа толы болмақ. Әріптестеріңізбен тіл табыса біліңіз. Ақшаңызды оңды-солды жұмсамағаныңыз абзал. Әйтпесе, апта соңында қаржы тапшылығын сезінесіз.

Суқұйғыш (21.01-19.02). Тасы: ақық, көгілдір ақық, жасыл ақық, жақұт, зүбаржат, күлгінтас, інжу, анартас. 

«Сабыр түбі сары алтын» екенін ұмыптаңыз. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын қабырғаңызбен кеңесіңіз. Апта барысында материалдық жағдайыңыз жақсармақ. Ішімдікке әуестенбегеніңіз жөн.

Балықтар (20.02-20.03). Тасы: маржан, көгілдір ақық.

Бұл апта өзіңізді күткеніңіз абзал. Алыс сапарға шықпаңыз. Ауыр жұмыс істемеңіз. Денсаулығыңыз сыр берсе дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Демалыс күндері отбасыңызбен табиғат аясында демалғаныңыз жөн.