ВИЧ індетін жұқтырған 8 жасар қызды асырап алған әйелдің ісі сотта тағы да қаралды. Бұған дейінгі сот шеміміне қанағаттанбаған өгей ана аппеляциялық сотқа жүгінген болатын.
Естеріңізде болса, осыдан 4 жыл бұрын ғасыр дертін жұқтырған бүлдіршінді асырап алған әйел балаға зәбір көрсеткені үшін 4 жылға сотталған еді. Бұл жағдайды алдымен «Балаларды СПИД-тен қорғайық» қоғамдық қоры жариялаған болатын. Қоғамдық қор басшысы өгей ананың 8 жасар қызды сарқыт-быламықпен тамақтандырып, хлорлы ваннаға салып қорлап келгенін де айтқан.
Содан соң бүлдіршіннің соққыға жығылғанын «Ана мен бала» медициналық орталығының дәрігерлері де растаған еді. Осыған байланысты ВИЧ жұқтырған баланы асырап алған әйелге бірнеше айып тағылып, қалалық сот оны бас бостандығынан айырған. Үкіммен келіспеген азаматша жоғарғы инстанцияға арыз түсірді. Ал аппеляциялық алқа бастапқы шешімді өз күшінде қалдырды.
Таубай Қадырбаев, облыстық соттың судьясы: «Бүгін аппеляциялық сот алқасында Сүгіроваға қатысты қылмыстық іс қаралды. Яғни, қаралу барысында оның берген шағымдары негізсіз деп табылып, бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Себебі үкім заңды және негізді.»
[youtube]http://youtu.be/0PdQzJ3o4vg[/youtube]