Әлеуметтік патруль қызметі жұмысқа кірісті

359
әлеуметтік патрульдік қызметтік көлігі

Шымкенте енді ұлтық әлеуметтік патруль қызметі жұмыс істейтін болады. Оның мақсаты қаладағы халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттығын бақылау. Жаңа жасақталған қызмет аптасына үш мәрте шаһар көшелерін аралап, белгілі тұрағы жоқ жандарды арнайы орталықа жеткізетін болады.

 

әлеуметтік патрульдік қызметтік көлігі
әлеуметтік патрульдік қызметтік көлігі

Белгілі тұрағы жоқ адамдар бейімдеу орталығына жеткізіледі. Алайда, қаңғыбастардың дені орталықта жағдайы жақсарып, тамағы тойысымен тайып тұрады екен.  Айта кетейік, жыл басынан бері 273 адам осы орталықта оңалып, соның 55-інің жоғалған құжаты қалпына келтірілген. Тағы 12 қартқа тағайындалыпты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=K2GJXiq6c9I[/youtube]

 

Бүгінде орталықта 155 адам тұратын болса, күн суыта олардың қарасы көбейеді. Жасыратыны жоқ, мұндағылардың бәрі тағдыр тәлкегіне түскендер. Басым бөлігі 60 ты алқымдаған соған қарамастан жұбын тауып отбасын құрғандар да кездеседі орталықта.

Орталықта баспаныздар саны күннен-күнге артуда
Орталықта баспаныздар саны күннен-күнге артуда

Қала көшелерінде қаңыбастарды азайту үшін құрылған жаңа қызмет аптасына үш рет қаланы аралап, үй-күйсіз жүргендерді оңалту орталығына жеткізеді. Мұнда олар бір жылға дейін тұрады. Осы аралықта олардың жоғалған құжатарды қалпына келтіруге көмек көрсетіледі.