Масаң азаматша гараждың үстіне шығып, түсе алмай қалды

233
Шұғыл түсірілім

Шымкентте келеңсіз әрі күлкілі жағдай орын алды. Екі құрбы кездесіп, аздап арақ ішеді. Құрбы болғанда екеуі де үй-күйі жоқ қаңғыбастар. «Көңілдері көтерілген» олар не істерін білмесе керек, өздері түбінде отырған темір гараждың үстіне шығып алады. Кейін біреуі төмен түсіп кеткен кезде екінші аяғын ауыртып алып, құлап қалады.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Құрбысына көмектеспек болған азаматшаның әрекетінен еш нәтиже шықпайды. Жағдайды көрген сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар дереу құтқарушыларға қоңырау шалған. Шұғыл топ оқиға болған жерге келіп, жәбірленушіні жерге алып түсті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4oHHMA3DuJM[/youtube]