Шымкентте қаңғыбастар көбейді

436
Қайыршылар далада қалмайтын болды
Қайыршылар далада қалмайтын болды
Қайыршылар далада қалмайтын болды

Шымкентте күн суытқалы қаңғыбастарға қиын соғып тұр. Кезбелер жаппай бейімдеу орталығына жеткізіліп жатыр. Өйткені далада қалғандары аяқ қолын үсітіп, қиындыққа тап болып жатыр. Қазір 150 орындық орталықтағы қаңғыбастар саны 200 ге жуықтап қалды. Әзірге тек көңіл қуантатын бір-ақ жайт бар. Ол беймідеу орталығына алғаш рет республикалық бюджеттен қаржы бөлінетін болды.

Биыл қол жайып көшеде отыратын баспанасыздар қатаң бақылауда болады. Тұрақты мекен жайы жоқтарды бейімдеу орталығына республикалық бюджетен 12 млн. теңге қаражат бөлініп, ақшаға орталыққа келген кісілерге киім-кешек пен полицейлер үшін потрулдың көлігі алынады.

150 орындық орталықта қысқы мезгілде адамдардың саны күрт өседі. Оларды тамақтандырып, дәрі- дәрмек беруге қала бюджеті 74 млн. теңге бөліпті. Ол өткен жылы 66 млн. болған үш мезгіл тамақ беріледі. Құжаттарын қалпына келтіруге көмектеседі. Тап бүгін орталықта бар 180-ге тарта азаматтың төртеуі шет елдік, өзгелері өз қаламыздағы тағдыр тәлкегіне түскендер.

Жасыратындығы жоқ, жаз айларында баспанасыздар көше кезіп кетеді. Ал биыл бюджеттен бөлінген қаржыға жасақталған полицейлер сол келеңсіздікті болдырмайды деген үміт бар .

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=SM6qcxshMYs[/youtube]