Әмбебап полицейлер жұмысқа кірісті (фоторепортаж)

471

Оңтүстікте әмбебап полиция қызметкерлері жұмысқа кірісті. Жаңадан құрылған әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жаңа құрамдарға бөлініп, жаңа көліктерге ие болды. Осыған орай қаладағы Әл Фараби алаңында салтанатты түрде шеру ұйымдастырылды.

Алаңда жаңадан құрылған әмбебап полицейлер сап түзеп тұр. Аты жаңа болғанымен, заты өзгерген жоқ. Енді патрульді полицейлер мен жол полициясының қызметкерлері бір жеңнен – қол, бір жағадан бас шығарып жұмыс істейді. Ол үшін жаңа көліктер де берілген. Бір автоэкипаж құрамы 3 полиция қызметкерінен құралған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=N0GyRpu0ru8[/youtube]

Жалпы, жаңа басқарманың 700-ге тарта қызметкері бар. Оның көбісі – бұрынғы патрульді полицейлер. Автоэкипажға қоса жаяу және атты полиция құрамдары да бар. Олар бұрынғысынша орталық көшелерде және қала аумағында қызметтерін атқара береді.

Айта кету керек, біріктірілген жол-патрульдік полициясы қызметкерлерін қайта даярлау мақсатында Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң институтына орта басшы құрамынан 8 қызметкер және Шымкент қаласындағы ішкі істер министрлігінің Оқу орталығына 50 қызметкер іс-сапарға жолданған. Қазір 25 офицер мен 25 сержант оқуларын жалғастыруда.

Атты полиция қызметкерлері
Атты полиция қызметкерлері

Бір экипаждың құрамы 3 қызметкерден тұрады
Бір экипаждың құрамы 3 қызметкерден тұрады