«Мадлен» кондитерлік желісінің торты — жеңімпаз

882
"Мадленнің" жеңімпаз торттары

Тәттіні жақсы көретіндердің жолы болды. Шымкенттегі «Мадлен» кондитерлік желісінен Қазақстандағы ең тәтті торттың дәмін татуға болады. Бұл сөзімізді кәсіби мамандар арасындағы «Үздік өнім WorldFood Kazakhstan-2013» байқауының Алтын медельмен қоса, дипломы растайды. Қараша айының 5-8-і аралығында Алматыда өткен жарыста «Мадлен» сапалы әрі заманауи тәтті нанымен Қазақстанның кондитерлік нарығында алғашқы орнын белгіледі.

 

"Мадленнің" жеңімпаз торттары
«Мадленнің» жеңімпаз торттары

Сүйкімді сыртқы пішін, тіл үйіретін дәмі бар мына торттар «Мадленнің» мақтанышы. Қазақстандық кондитерлердің арманы болған, алғашқы орынға лайық өнімді мадленнің шеберлері жоғары сапада дайындайды. Халықаралық мамандарды мойындатып, «WorldFood Kazakhstan»  көрмесінде көпшіліктің қошеметіне ие болып қана қоймай, «Үздік өнім» атауын жеңіп алып, алтын медалді иемденді.

Диляра Ниязова, «Мадлен» кондитерлік желісінің бас технологы: «Көрмеге қойылған барлық торттың дәмін, біздің тұтынушылар бұрынан жақсы біледі».

 

"Мадленнің" хас шеберлері
«Мадленнің» хас шеберлері

Әлемнің 35 елінен келген 371 компанияның өнімін бағалау әділ-қазыларға да жеңіл болмаған. Байқаудың табанды талабын орындап, жеңіспен оралу «Мадлен» кондитерлік желісінің бастапқы мақсаты болыпты. Алты  мыңдай маман «Мадлен» компаниясы өнімінің маңынан тыс айналып өте алмаған.

Диляра Ниязова, «Мадлен» кондитерлік желісінің бас технологы: «Тұтынушыларымыздың сұранысы бойынша, қазір шағын торттарды шығарып жатырмыз».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=DJFxmsL3hhE[/youtube]

Шынында да, жеңімпаз торттың дәмін арнайы диета сақтағандар да тата алады. Тәтті нан-табиғи өнімдерден жасалған. Құнарлығы мен құрамын таңдау да өз еркіңізде. Өте сіңімді торттар -әлемдік мамандардың өзін де мойындатып отыр.