«Мадлен» ғашықтарды қуантады

«Мадлен» компаниясының технологтары италияндық технологияны қолдана отырып ғашықтар күніне орай ерекше тәтті сыйлықтарды жасап шығарды. Мерекені ұмытылмастай өткізу үшін олар жаңа тәтті өнімдердің қатарын бельгиялық шоколад пен өте нәзік жемістерден жасалған түрімен толықтырды.

5869

Джульетта Ксандопуло, «Мадлен» компаниясының басқарушы директоры: «Біздің мамандар Италияда өткен шоколад фестиваліне қатысып, жаңа идеялармен оралды. Сол шоколадтан жасалған тәттілерді тұрақты келушілеріміздің талғамына сай дайындап, ерекше сыйлықтар үстелін ұсынып отырмыз. Әсіресе бельгиялық шоколадтан жасалған өнімдер, гүл шоғарлары, жүректер жиынтығы, кәдесый үлгісіндегі көптеген тартуларымыз бар. Мұндай сыйлық кез келген қыз-келіншекке қуаныш сыйлайды деп ойлаймыз.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=RO1pFgzC1BM[/youtube]

Мереке кезінде өз сезімін ерекше жеткізіп, есте қаларлықтай тосын сый жасау үшін қалтаның қалың болуы міндетті емес. Өйткені «Мадлен» кондитерлік желісінің сыйлықтары барлық тұрғындармен қатар студенттер, оқушылар үшін де қол жетімді. Мерекелік тәттілер көрмесін тамашалаған жастар қуана өз таңдауларын жасауда.

Шоколадтан жасалған жүрекшелер
Шоколадтан жасалған жүрекшелер

Сыйлықтар жиынтығы, жүрек, көздің жауын алатын аяқ киім үлгісіндегі тәттілер мен кәмпит салынған қол өнімдері. Еуропалық үлгідегі шағын торттар мен жеуге арналған тәтті гүл шоғырларын бүгіннен бастап «Палубадағы Мадленнен» сатып алуға болады. Ал 14 ақпанға орай тәтті құттықтау жүректерді «Мадлен» кондитерлік желісінің барлық дүкендері мен дәмханаларынан таба аласыз.