«Мадлен» кондитерлік желісі Италиядан жеңіспен оралды

354
"Мадлен" кондитерлік желісі өнімнің сапалылығына мән береді

Балмұздақ ісінің білгірлері Италияда бас қосты. Әлемнің хас шеберлері шоғырланған жиынға «Мадлен» кондитерлік желісінің мамандары да қатысты. Дәмнің шексіз әрі сансыз екендігін паш еткен жиыннан мадлендіктер мәртебелі орыннан көрініп, көп тәжірбие жинақтап қайтты.

 

"Мадлен" кондитерлік желісі өнімнің сапалылығына мән береді
«Мадлен» кондитерлік желісі өнімнің сапалылығына мән береді

Еуропалық шеберлер балмұздақтың жаңа дәмін дайындау үшін бақандай бір жыл ізденеді. Ал «Мадленнің» технологы нағыз кәсіпқой жаңа мәзірді минуттар ішінде дайындай алатындығын дәлелдеді. Қобалжуға қарамастан Диляра бұл міндетін ойдағыдай орындай алды. Балмұздақтың жаңа дәмін жасап, 109 баллдың 89 -ына қол жеткізді.

Диляра Ниязова,»Мадлен» кондитерлік желісінің технологы: «Мен қатты қобалжыдым. Бірақ шет ел кондитер технологтар алдында міндетімді абыроймен орындап шықтым. Балмұздақ дайындаудың бар тәсілін ұтымды көрсете алдым».

Бұл байқаудың өзіне мадлендіктер кездейсоқ қатысқанына қарамастан, жеңіске жете алды. 4-ші орынға тұрақтағандары жайлы сертификат пен құттықтау қағазына ие болды. Марапат ресми қағазда емес, жібек ақ матамен көмкерілген альбомдық парақша. Заманауи Еуропада қарапайымдылық пен табиғилық сәнді саналады.

 

Италиядан алған марапат
Италиядан алған марапат

Осындай марапаттан кейін, Шымкентте де балмұздақ жасау сапасы арта түсті. «Мадлен» кондитерлік желісі жаңа балмұздақ мәзірін байқап көруге шақырады. Лактоза және басқа да күмәнді қоспалар мүлде жоқ, жүз пайыз табиғи өнім. мадлендіктер таяуда тағы да тың балмұздақпен таң қалдыратын болады. Құпиясы мен тосынсыйы таусылмақ емес.