Балалар үйінің тәрбиеленушілері туған күндерін атап өтті

балалар үйі

Шымкенттегі балалар үйінің тәрбиеленушілері мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары қуанышты мерекені атап өтті. «Мадлен» кондитерлік желісінің ұжымы туған күн иелерін құттықтап, тамаша кеш ұйымдастырып берді. Әр туған күн иесіне арнап, сыйлықтар ұсынды.

Өрмекші адам мен Винкс періштесі. Тек мультфильмдерде кездесетін ертегі кейіпкерлері бұл жолы балалармен асыр бірге салды. Қызықты ойындар мен түрлі байқаулар ұйымдастырып, бүлдіршіндердің уақытын қызықты өткізуге тырысты. Кештің тосын сыйы тек бұл емес. Аспаздар дайындаған мерекелік тортты көрген балалар таңданысын жасыра алған жоқ.

«Мадлен-палуба» ай сайын балалар үйі тәрбиеленушілерінің туған күндерін осылай атап өтуді дәстүрге айналдырған. Мұнда «Мадлен» кофесі сатылымының 5 пайызы қайырымдылық шараларға жұмсалады.

«Мадлен» кондитерлік желілерінде одан өзге отбасылық кештер мен балаларға арналған мерекелік шараларды да өткізуге болады. Әр сенбі сағат 17:00 мен 19:00 аралығында отбасыңызбен осында келсеңіз, өкінбейсіз. Ал шеберлік сабақтары мен көңілді сайқымазақтар, театр қойылымдары кез келген баланы бей жай қалдырмасы анық.