Ретсіз саудаға жол бергендерге айыппұл салынды

 Бүгін Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Республика даңғылы бойындағы ретсіз сауданы жоюға шықты. Он жылдан астам уақыттан бері жол жиегіне жайғасып, жеміс-жидек, көкөніспен қоса түрлі басылымдарды саудалағандар тауарларын беруден бұл жолы да бас тартып, айыппұл төлеуге наразылық білдірді. 

 Жанна Сейтжанова, сатушы:»Айыппұл сала береді. Жағдайыма қарамай тағы да 17 мың теңге айыппұл салып кетті. Барлық тауарымды әкетіп қалды. Көшеде осы саудамен 15 жылдан бері айналысып келемін. Полицейлерге бәрібір, көңіл-күйлері жоқ болса, осылай жасайды. Көңілді кездерінде бізді құптайды. Ойына келген кезде тексереді, мен 4 балалы жалғыз басты анамын. Қалай күнімді көремін енді?!»

Ретсіз саудаға жол бергендерге айыппұл салынды
Ретсіз саудаға жол бергендерге айыппұл салынды

Бұл жолы да саудагерлердің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, оларға талай ескерту де жасалған екен. Бұған қарамастан сауда қызу жүріп жатыр. Айта кетейік, жыл басынан бері бір ғана Абай полиция бөлімі жүргізген шара бойынша 554 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылған. Және оларға 885 мың теңгеге жуық айыппұл салынған.

[youtube]http://youtu.be/saXWCecb79A[/youtube]

 Нұрғали Сүлейменов, Абай полиция бөлімі басшысының орынбасары: «Бұл жұмыс күнделікті жалғасады. Абай ауданы аумағында ретсіз сауда жасап жатқан азаматтарға қатысты хаттама толтырылып, айыппұл салынады.»