Шымкентте «Жолда қабылдау» республикалық акциясы жалғасып жатыр. Қала жастарын жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, жол апатының алдын алуға шақырған бұл жолғы шара «Нұр Отан» партиясының ұйымдастырумен өтті.
Жиналған жастар жол сақшыларын сұрақ астына алды. Кейде заңды белшеден басатындарын да бетіне басты. Жол апатын алдын алу үшін, қызметке адал әрі талапқа бағыну керектігі сөз болды. Сондай-ақ, жолды кесе-көлденең өтетін жаяу жүргіншілердің мәселесі де шет қалмады. Жиын соңында көшеде қабылдау өтіп, жастар анкеталық сұрақтарға жауап берді.
Ғалымжан Есімов, әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық бөлімінің басшысы: «Тек полиция қызметкерлері емес, қоғамның басқа да мүшелерін, студенттерді, жүргізушілерді, жаяу жүргіншілерді және басқа да қоғамдық мекемелерді жұмылдырып, осы проблемаға назарын аударту — негізгі мақсатымыз. Сауаттылықты жаңа бір деңгейге көтеру, жастардың сауатын ашып, жаяу жүргінші ережесін сақтауды үйрету.»
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=LdIlpvbhxUU[/youtube]
Дегенмен, акция біте салысымен жол қауіпсіздігін сақтауға шақырған азаматтардың өзі жол ережесін өрескел бұзып бара жатқанын байқадық. Айтылған сөз айтылған жерде қалып жатса, болашақ ұрпақты қалай тәрбиелемекпіз?