Жол жүру ережелерін насихаттайтын көрме өтті

616

Шымкент қалалық Полиция департаменті Еңбекші АПБ-ның ювеналды полиция инспекторларымен Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясының бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларына жол жүру ережесін түсіндіруге бағытталған ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.

Ювеналды полиция испекторлары мектеп мұғалімдерімен бірге 1-4 сынып оқушыларына «Жол жүру ережесін білесін бе?» тақырыбында көрме суреттердің байқауын өткізді. Көрме аясында оқушыларға жол жүру ережесін таныстыра отырып, жол белгілерін айыра білуге, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтуге және жолда дұрыс жүруді үйретті.

Ювеналды полиция қызметкерлері және орта сынып оқушылары құраған Жас жол инспекторларының ұйымдастыруымен автокөлік жүргізушілеріне «Абайлаңыз, балалар» жол жүру ережесімен таныстырып, жол жүру ережелері жазылған парақшалар таратылды.

Сондай-ақ жоғары сыныптың оқушыларына «Жол қозғалысы қатысушыларының мәдениеті» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылып, жолда өзін-өзі ұстау мәдениетін үйретті.

Іс-шараның соңы оқушыларға арналған флешмобқа ұласты.

 

QAINAR KÓZШымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі