Үстел теннисінен жарыс тек Сайрамда ғана өтеді. Өйткені Шымкентте спорттың бұл түріне зал жоқ.

Сайрам ауданында үстел тенисінен кезекті турнир аяқталды. Еліміздің тұңғыш Президенті күні мен Төле би бабамыздың 350 жылдығына арналған жарысқа Оңтүстіктің барлық аудандарынан теннисшілер жиналды.

Үстел теннисінен жарыс тек Сайрамда ғана өтеді. Өйткені Шымкентте спорттың бұл түріне зал жоқ.
Үстел теннисінен жарыс тек Сайрамда ғана өтеді. Өйткені Шымкентте спорттың бұл түріне арналған зал жоқ

Талапкерлердің арасында 58 қыз және 93 ұл спортшы бар. Нәтижесінде Сайрамның үш бойжеткені алтын медальды жеңіп алса, Төле би ауданының екі теннисшісі де жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ, Сарыағаш пен Түркістанның жастары да үздік танылды.