Сайрам ауданында үстел тенисінен кезекті турнир аяқталды. Еліміздің тұңғыш Президенті күні мен Төле би бабамыздың 350 жылдығына арналған жарысқа Оңтүстіктің барлық аудандарынан теннисшілер жиналды.
Талапкерлердің арасында 58 қыз және 93 ұл спортшы бар. Нәтижесінде Сайрамның үш бойжеткені алтын медальды жеңіп алса, Төле би ауданының екі теннисшісі де жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ, Сарыағаш пен Түркістанның жастары да үздік танылды.