Бюджеттің жұмсалу барысы жария емес

238
Бюджеттегі қаржының жұмсалуы толғымен жариялануы тиіс екен

 Облыс қазынасындағы қаржының жұмсалу барысы көбіне ашық жарияланбайды. Қазақстанда жыл бойы осы мәселені зерттеген «Құқықтық экономикалық реформаларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры осылай деп мәлімдеді.

Бюджеттегі қаржының жұмсалуы толғымен жариялануы тиіс екен
Бюджеттегі қаржының жұмсалуы толғымен жариялануы тиіс екен

 Оңтүстік Қазақстанның заңгерлер қауымдастығымен бірлесе жүргізген анықтау шаралары барысында жергілікті биліктің бюджет төңірегіндегі есебі көпке толығымен жарияланбай келгені анықталыпты. Айтуларынша, жергілікті органдардың тұрғындарды ең аз ақпармен ғана құлағдар етіп келген себебінен, жерлестеріміздің бюджеттік үрдісті қадағалауға мұршасы болмаған.

 Әсел Қырықбаева, «Құқықтық экономикалық реформаларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры: «Біз жергілікті әкімшіліктерге жобалар мен оған бюджеттен бөлінген қаржыларды ашық түрде жариялап тұруына кеңес береміз. Және бұл халыққа қолжетімді болуы керек. Ай сайынғы, тұрақты есептерді де – бәрін өз уақытында айтып, жылдық есепті жеткен жетістіктерімен саралай отырып, ұсыну маңызды. Себебі көпшілік бөлінген қаржыға ғана емес, ол бюджеттің ақшасына қандай жұмыс атқарылғанына көз жеткізгісі келеді. Бюджеттегі қаржының қайда жұмсалып жатқаны туралы ашық түрде қоғамдық тыңдау өткізіп тұру да жағдайды ушықтырмайды.»

 Бұған қоса аталмыш қоғамдық бірлестік «Қазақстандағы жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі – 2013» зерттеуін статистикамен бағалап отыр. Біздің облыс барлық 100 ұпайдың 32,67-не ғана ие болыпты. Солтүстік Қазақстан облысы 49,86 ұпайды еншілесе, Шығыс Қазақстан өңірі 72,43 жоғары көрсеткіштен көрінген. Айта кетейік, осы зерттеудің нәтижелері мен ұсыныстар Астанада, орталық басқару орган өкілдері мен бюджеттік қатынастар сарапшылары қатысатын конференцияда ұсынылатын болады.

[youtube]http://youtu.be/94vDvCvoUJ4[/youtube]