Алдағы 3 жылға республикалық бюджет қабылданды

47
Шілдеде өскен зейнетақы мен жәрдемақы берілуде

Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста Ұлттық қордан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт пен 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады. Жалпы республикалық бюджеттің басым бөлігі мемлекеттік және әлеуметтік міндеттемелерді толыққанды орындауға және өңірлерді дамытуға бағытталған.

Сонымен, индекстеуді есепке алғанда 5,4 трлн. теңге зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге кетсе, 2,4 трлн. теңге денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, оның ішінде «Ауыл шаруашылығын жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға жұмсалады.

Білім саласын дамытуға, атап айтқанда, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруға 1,7 трлн. теңге бөлінеді. Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында азаматтарды жұмыспен қамтуға 3,5 трлн. теңге бөлу жоспарланған. Оның ішінде 2,5 трлн. теңге 1,5 миллионнан астам жұмысшының жалақысын арттыруға қарастырылған.