Сыйқыршылар әлемі! Жаңа жыл қарсаңында «Изуми» сауда желісінің басшылығы жерлестеріміз үшін киімдерге күтпеген жеңілдіктер жасаумен қатар қомақты қаржының чектерін табыстады.
Әділбековтер жанұясы үшін жаңа жылдық ғажайыптар басталып кетті. Күтпеген жерден отбасы 100 мың теңгенің чегіне ие болды. Жанұя өкілдерінің мұндай кереметке сенуіне «Изуми» сауда желісінің басшылығы көмектескен.
Өмірәлі Ералиев, «Изуми» сауда желісінің директоры: «Жаңа жыл қарсаңында армандар орындалады. Бұл рас! Әрбір отбасында осындай қуаныштар мен ғажайыптар жиі болсын! Жерлестерім, жаңа жылдарыңызбен!»
Ербол Әділбеков, қала тұрғыны: «Мұндай сыйды күткен жоқпыз! «Изумидің» ұжымына үлкен рахмет! Отбасымның атынан сауда үйіне тек жақсылықтар мен табыс тілеймін! Бұл мекеме келер жылы да көптің сұрнысына ие болып, жаңа биіктерді бағындырсын!»
Мұндай ыстық лебіз-тілектерге толы жүз мыңдаған теңгенің бірін Өмірәлі Ералиев тағы бір бақытты жанға тарту етті. «Жомарт сыйқыршының» кезекті сыйлығы құлағының мүкісі бар мүгедек балаларға бұйырды. Айта кетейік, бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қуаныш сыйлап, қамқорлық көрсету «Изуми» сауда желісінің дәстүрлі қадамына айналған.
Тамара Қасымова, ОҚО есту қабілеті нашар жандар бірлестігінің төрайымы: «Біз өте қуаныштымыз! Ағалары балаларға сыйлық қана емес, қомақты қаржының сертификатын беріп отыр. Бәрінен бұрын, бізді ұмытпай, көмек қолын созған азаматқа үлкен рахметімізді айтамыз!»
Мерекелік шара соңында балаларға тағы да демеушілердің тосын сыйы табысталды. Әрбір бүлдіршін тәттілерге ие болды.