Мейрамбек Төлеев екі бірдей жүлдеге қол жеткізді

Шығыстың осы жекпе-жек спорт түрінен Шымкенттің саңлақтары Азия чемпионатынан оралды. Бұл жолы облыс қоржынына алтын медаль салынбаса да жерлестеріміз құрлық біріншілігінен құралақан қайтқан жоқ. Екі спортшы күмістен алқа тағынса, тағы екеуі қола медальды жеңіп алды.

Дарханға Азия чемпионы атануына бір қадам жетпей қалды
Дарханға Азия чемпионы атануына бір қадам жетпей қалды

Дархан Асаділов биыл да Азия чемпионатында ептілік танытты. Дубайда өткен байрақты жарыста Дархан командалық «Кумитэ» тәсілінде күмістен алқа тақты.

Мөлдір Дүйсенбай да бұл жолғы байрақты дода барысында жүлделі болды.
Мөлдір Дүйсенбай да бұл жолғы байрақты додада жүлделі болды

Мөлдір Дүйсенбай да бұл жолғы байрақты дода барысында жүлделі болды. Ол жасөспірімдер арасында 3-орыннан көрінді. «Ел намысын қорғап, жүлделі болғаныма қуаныштымын. Бірінші орынды алуға тәжірибе аздық етті. Енді келесі жылы өтетін Азия ойындарында бұл қателіктерді жібермеймін деп ойлаймын. Басты мақсат – алтын медаль екені даусыз» деп бойжеткен ағынан жарылды.

Мейрамбек Төлеев екі бірдей жүлдеге қол жеткізді
Мейрамбек Төлеев екі бірдей жүлдеге қол жеткізді

Дубайда жалауы көтерілген Азия чемпионытында ел құрамасының сапында шымкенттік бірнеше каратэші де болды. Мөлдір мен Дарханнан бөлек  Мейрамбек Төлеев екі бірдей жүлдеге қол жеткізді. Біріншісі күміс болса, екіншісі – 75 келілер арасында жеңіп алған қола алқасы.

Шаттық Қажымұқанов әр бір шәкіртінің жаттығуын мұқият қадағалайды
Шаттық Қажымұқанов әрбір шәкіртінің жаттығуын мұқият қадағалайды

Шаттық Қажымұқанов, жаттықтырушы: «Биылғы маусым біз үшін сәтті болды деп айта аламыз. Өйткені, Әлем чемпионатында да жақсы нәтиже көрсеттік. Енді Азия чемпионатында төрт бірдей жүлдеге қол жеткізіп отырмыз. Жоспар орындалды. Ендігі мақсат – алтын медаль жеңіп алу.»

Жерлестеріміз кезекті додаға дайындалуда
Енді жерлестеріміз кезекті додаға дайындалуда

Осымен биылғы маусым аяқталды. Нәтиже бапкерлердің көңілінен шығып отыр. Ендігі мақсат – 2014 жылы өтетін Азия ойындарында топты жару.

Азия чемпионатында Шымкенттің бойжеткендері де ептілік танытты
Азия чемпионатында Шымкенттің бойжеткендері де ептілік танытты
Ендігі мақсат келесі жылы Азия ойындарында ел намысын қорғау
Ендігі мақсат – келесі жылы Азия ойындарында ел намысын қорғау
Каратэ шеберлері жылды сәтті аяқтап отырмыз деп қуанады
Каратэ шеберлері жылды сәтті аяқтап отырмыз деп қуанады