нанға түскен тарақан

Шымкентте ас атасы тарақанмен қосылып пісіріліп жатыр. Бүгін арнамызға Толқын Әлсейтова есімді шаһар тұрғыны осылай деп арызданып келді. Әйелдің айтуынша, бұл бірнеше бөлке нанды қала орталығындағы ірі сауда орындарының бірінен алған. 

Нанмен піскен тарақан
Нанмен піскен тарақан

Толқын Әлсейітова, қала тұрғыны: «Балам нанды тойып жеп алды, жеп алғаннан кейін тарақанды көріп, құсып жіберді. Бұл нанды пісіретін жеке кәсіпкердің өзінің кәсібін таза жасауы керек, себебі, өнімді халық тұтынады ғой. Енді ол сауда үйінен нан алмаймын.» 

нанға түскен тарақан

Тарақан түсіп кеткен нанды алып әлгі азаматшамен сауда орынына біз де бардық. Анықталғаны — нан осы дүкеннің жанындағы наубайханада пісіріледі. Сауда орнының иесі — жеке кәсіпкер бар өнімді санитарлық талапқа сай жасаймыз деп, ат-тонын ала қашты. Тіпті, «бұл менің наным емес» деп те бет бақтырмауғы тырысты.

 Бірақ соңында екі тарап өзара мәмілеге келген ұқсайды. Өйткені басында арызданып келген азаматша соңынан райынан қайтып, бұл материалды жарияламаумызды өтінді. Айта кетейік, соңғы кездері телеарнаға арызданып келіп, райынан тайып қалатын жерлестеріміз жиі кездесіп жүр. Осы рада бұқаралық ақпарат тарататын мекеме қорқыту не кек алудың құралы емес, қоғамдық ой-пікірді қалыптастыратын қару екенін көптің қаперіне сала кетейік.

[youtube]http://youtu.be/AsG2GRSBeaU[/youtube]