Бәйдібектік кәсіпкер нан жауып, айына 500 мың теңге табыс табады

196

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Екпінді ауылының тұрғыны Айдана Серікқызы бала күтімінде отырып-ақ кәсіппен айналысуда. Жас кәсіпкер, 4 баланың анасы 26 жаста.

Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алу үшін «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыған. Осы жылдың сәуір айында Бәйдібек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына «Наубайхана ашу» жобасына өтініш білдіріп, бизнес-жоспарын сәтті қорғап шыққан жас ана 583400 теңге грант қаржысын алған соң нан жабатын арнайы пешті сатып алып, тұрғылықты жері Екпінді елді мекенінен ғимаратты жалға алып, наубайхана ашқан.

Қазіргі таңда жас кәсіпкер өзі тұратын елді мекеннің 3 азаматын жұмыспен қамтып, күніне 400 дана нан жауып, орташа есеппен 50 мың теңге, айына 500 мыңнан аса табыс тауып отыр.

Жанерке Хумар