«Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағына лайықтылар анықталды

538
Ұсынылған бес адамға депутаттар дауыс берді

Өңіріміздің бірнеше тұрғыны «Облыстың құрметті азаматы» атанды. Мұндай шешім облыстық мәслихаттың ағымдағы жылғы соңғы, 21-ші сессиясында қабылданды. Арнайы комиссия мүшелері еңбек ардагерлері Дәметер Бөлегенова, Әбдуали Жақсыбаев, Әбдуғани Ташқараев, Исмат Тұрсынқұлұлы және театр сыншысы Әшірбек Сығай сынды қоғамға еңбегі сіңген азаматтарды Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы атануға лайықты деп тауыпты. Ал бұл ұсынысты мақұлдаған халық қалаулылары бұл атақты растайтын куәліктер мен төсбелгілер тойханаларда емес, салтанатты түрде сессияда тапсырылсын деген базынасын да айтып қалды.

Ұсынылған бес адамға депутаттар дауыс берді
Ұсынылған бес адамға депутаттар дауыс берді

Сессияда бірқатар депутаттар өңірде жалғыз қалған Кеңес Одағының батыры, Ұлы Отан соғысының ардагері Қауымбаев Тоғанбайға «Құрметті азамат» атағын беру жөнінде ұсыныстарын айтты.

 Әли Бектаев, облыс әкімінің орынбасары: «Бұл жоғары атаққа лайық азаматтарды жергілікті жерлердегі атқарушы органдары ұсынады. Шардарадан ондай ұсыныс түспесе, ережеге сәйкес, біз қарай алмаймыз. Алайда, өз тарапымыздан ақсақалды «Құрметті азамат» атағына ұсыну жөнінде аудандық әкімдікке ұсыныс жасаймыз. Ережені сіздер өздеріңіз (депутаттар — редакция) қабылдадыңыздар. Сондықтан да барлығы заң шеңберінде болуы тиіс.»

Бұл ереже бойынша «Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы жылына бір рет бес адамға беріледі. Ал «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы жылына бір рет 10 адамға беріледі.