Шымкентте көңілді тапқырлар кеші өтті

447
әзілкештер ойыны 2 кезеңнен құралған

«Жайдарманның» кезекті ойынын Real Madrid құрамасы бастады. Құрылғанына небәрі 1,5 жыл өткенімен, жас өнерпаздар талай жүлделерді жеңіп, әзіл-доданың белді ойыншыларына айналған. Бұл жолы да өнер иелері әдеттегідей көпшілікті күлкіге көмді.

"Жайдарман" жас әзілкештермен толықты
«Жайдарман» жас әзілкештермен толықты

 Real Madrid құрамасы: «Біз ең алдымен киген киіммен ерекшеленеміз. Жарқын және әдемі, жарасымды. Көзге бірден түседі. Ал ойындағы ерекшелігіміз де бар. Мәселен, «Жайдарманда» қысқа әрі нұсқа, қызық әзілдерді ұсынатын біз ғанамыз. Осы тәсіл бізде ғана кездеседі, шеберлігіміз арқылы көрерменнің көңілін аулай аламыз. Дайындық, негізі, біз үшін аса маңызды, бірақ сахнаға шығып, тапқырлық таныту да бүгінгі КТК ойыншысының бойынан табылуы қажет талант деп ойлаймыз.»

КТК ойынына 16 құрама қатысты
КТК ойынына 16 құрама қатысты

«Тұғыры биік Елбасы» тақырыбы аясында өрбіген «жайдарманшылардың» ойынына облысымыздың 16 бірдей құрамасы қатысты. Жас әзілкештер, ә дегеннен-ақ, театр әртістері мен телеарна жүргізушілерін әзілдеріне арқау етті. Бұл — өнер иелерінің шеберлігі болса керек. Алайда «АТФ» сынды кей құрамалар анайы әзілдерді де сахналап шықты.

әзілкештер ойыны 2 кезеңнен құралған
Әзілкештер ойыны 2 кезеңнен тұрды

 Оңдасын Құлымбетов, «Жайдарман» әзілдері мәтінінің редакторы: «Мен редакторлық жұмысты жүргізгенде жалпы әзілдердің ішінде анайы әзілдердің барлығын алып тастаймын. Ондай әзілдер Қазақ сахнасында айтылмауы керек, ойналмауы керек. Өкінішке орай, кейбір командалар тыңдамай жатыр. Бірақ біз ойын біткеннен кейін осы құрамаға шара қолданамыз. Яғни ол құрама келесі ойынға өтпейді, ақтық мәреде ойнаймайды.»

"Жайдарманшылардың" әзілін қазылар алқасы бағалап отырды
«Жайдарманшылардың» әзілін қазылар алқасы бағалап отырды

 «Жайдарманның» осы кешін де әдеттегідей «Шымкент жастары» мекемесі ұйымдастырып отыр. Айтуларынша, бұл жолғы әзіл-доданың ерекшелігі де жоқ емес. «Әзілдер саясаттан сыр шертеді» дейді  «Шымкент жастары» КММ директоры Ерлан Айтбаев. Ал көрермен күлкінің дәруменін сыйлаған өнерпаздарға дән риза.

Шетелдік әншілерді де сахналады ойыншылар
Өнерпаздар әдемі әзілдерімен қатар тамаша билерін де ұсынды

 Ақылбек Бекмұратов, көреремен: «Ойын қызық өрбуде. Жаңадан шыққан құрамалар да өнер көрсетіп жатыр. Ал бұған дейін ойнап жүрген командалар да керемет әзілдер сыйлады, ризамыз. Бүгін «Нағыз жентельмен» құрамасына жанкүйер болып келіп отырмын. Себебі осы топтың әзілкештері әрдайым барды бар, жоқты жоқ деп. шындықты айтуымен келеді. Күлдіріп тұрып, ақиқатты айту деген осындай болатын шығар.»

"Жайдарман" әзілкештері
«Жайдарман» әзілкештері

КТК кешінің қатысушылары

Айтпақшы, ойын арасында әзіл арқылы аруларға кеңес беріп, кемшіліктерін айтқан жігіттер де табылды. Бұл жолы «Жайдарманның» жарқын сахнасын жандандырған өнерпаздар ойыны «Жеңіске достық жетті» ұранымен тәмамдалды. Айта кетейік, көңілді тапқырлардың көңілді кезекті кеші жуырда, айтулы даталар шеңберінде жалғасатын болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=jM5FkVvAXHY[/youtube]