Сенбі күні қолдарына күрек ұстанған шымкенттік шенеуніктер жаппай қар тазалауға таңсәрісден кірісіп кетті. Осылайша қаланы қар суы басуының алдын алмақ.
Екі күн бойы толассыз жауған қардың соңы жаңбырға ұласып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындай бастады. Сенбілікке шыққан қалалықтар көше бойында үйілген қар мен бітелген арық-атыздарды тазалап, жол жиектеріндегі қарды қала сыртына шығарды.