Шымкентте ардагерлер жылуды тегін алады

308

Шымкентте жылуды тегін пайдаланатын азаматтардың қатары көбейді. Қала әкімі, «3-энергоорталық» АҚ басшысы және ардагерлер ұйымы бірлесе отырып, үш жақты меморандумға қол қойды.

Жылу жүйесі Меморандум шартына сәйкес, Шымкенттегі Ұлы отан соғысының 106 ардагері, 16 соғыс мүгедегі мен соғыстан оралмаған майдангерлердің 7 жесіріне жылу ақысын төлеуде жеңілдік жасалатын болды.

 Бұл қариялардың жылуды пайдалануға кететін шығынын «3-энергоорталық» акционерлік қоғамы өз мойнына алып отыр. Жалпы, қалада Ұлы отан соғысына қатысқан, көзі тірі 200-ге жуық ардагер бар.

 

Жарқынбек Әлімбетов, «3-энергоорталық» АҚ бас директорының орынбасары: «106 ҰОС ардагері мен 16 соғыс мүгедегі жылуды толық тегін алады. Ал ардагерлердің жесірлері жылуды 50 пайыз жеңілдікпен алатын болады.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=y6aBtIvXaTQ[/youtube]