Жүктілік: үміт пен қорқыныш

Жүктілік және оның үш кезеңге бөлінетіндігі жайлы газетіміздің өткен нөмірлерінде жазған болатынбыз. Десек те жүктіліктің әр айына жеке-жеке тоқталып өткенді жөн көріп отырмыз. 

05-0010

05-009

1-ші ай

Жүктіліктің алғашқы 4 аптасы. Бұл кезде шарананың жүрегі, жүйке жүйесі дамиды. Құрсақтағы эмбрион күннен күнге өсіп, түтікке ұқсас кейіпке енеді. Бір ұшы жуанданып, бастың сұлбасы қалыптасады. Төртінші аптада көздің ойығы мен ішкі мүшелерінің негізі қалыптаса бастайды. Бұл кезде эмбрионның салмағы шамамен 30 грамм, ал ұзындығы 4 мм болады. 

Болашақ ананың құрсағына ұрық бітіп, ұрықтың көлемі өзгергенде, әйелдің ағзасында түрлі өзгерістер пайда болады. 

– токсикоз,

– пигментті дақтар.

05-008

05-007

2-ші ай

Жүктіліктің 5-8 аптасы. Осы аралықта эмбрионның бас миы жылдам дамиды. Жүрегі соға бастайды. Шарананың басының көлемі денесінің 3/1 бөлігіне ұлғаяды. Оның кіндігі жатырдың қабырғасына жабысады. Бет әлпеті көріне қоймағанымен, көз бен құлақ тұсы айқындала түседі. Екінші айдың соңына қарай шарананың саусақтары білініп, жыныс мүшелері қалыптаса бастайды. 8-ші аптада ол шамамен 2,5 см болады.

05-006

3-ші ай

Бұл айға жүктіліктің 9-12 аптасы кіреді. Бұл кезде сәбидің бет әлпеті біліне бастайды. Табаны мен қолының буындары пайда болады. Асқазаны мен ішектері, бауыр-өті түзіліп, тыныс алу жолдары қалыптасады. Жүрегі ересек адамдағыдай, 4 камерадан тұрады. Қан тамырлары дамиды. Ми қатпарлары мен сайлары пайда болады. Шеміршек бірте-бірте сүйекке айналып келеді. Бала аяқ-қолын қимылдата бастайды. Оның бойы шамамен 10 см құрайды. Үшінші айда әйелдің беті тазарып, омырауы ісініп, аса сезімтал болады. Зат-алмасуы 25%-ға жылдамдайды. Яғни, жиі шөлдеп, жиі терлегіш келеді. Жатыры 10 сантиметрге үлкейеді. 

Айтпақшы, жүктіліктің алғашқы үш айында әйелдің жыныстық белсенділігі төмендейді. Өйткені токсикоз бен сүт бездерінің ісінуі біраз физиологиялық қиындықтар тудырады. Мұндай жағдайда ері жарына түсіністікпен қарағаны жөн.

4-ші ай

Жүктіліктің 13-17 аптасы. Төртінші айда баланың бұлшық еттері, буындары қалыптасады. Ол енді бұрынғысынан да белсенді қимылдай бастайды. Дәл осы айда анасы баласының алғашқы тебісін сезінеді. Алғашқы үш айда шарананың басы дамыса, бұл айда денесі жылдам дамып, өсе бастайды. Қолы мен аяқтарынының саусақтары толығымен дамиды. Баланың терісі әлі тым жұқа, оның әлі май талшықтары да жоқ, сол себепті терісі қызыл болады. Дегенмен, бала өзінің саусағын сора алады. Төртінші айда шарананың бойы 15 сантиметрге дейін жетеді.

05-005

5-ші ай

Бұл айға жүктіліктің 18-21 аптасы кіреді. Осыдан бастап шарананың қимылы белсенді бола түседі. Тебулері де күшейеді. Нәрестенің бүйрегі, май бездері жұмыс істей бас-тайды. Бұл кезеңде әйелді қыжыл мазалауы мүмкін. Өйткені, баланың шашы өсіп, қасы мен кірпігі пайда болады. Осы ретте мамандар, күніне 5-6 рет, аз-аздан тамақтану керек екенін ескертеді. Қыжылды басу үшін қаймақ, ірімшік, шала пісірілген жұмыртқа, буға пісірілген амлеттер, балық, құс еттері және кептірілген ақ нан жеуге болады. Бесінші айда шарананың бойының ұзындығы шамамен 20 сантиметрді құрайды.

(Жалғасы бар…)

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ