«Изуми» сауда желісі балаларды мерекелерімен құттықтады

435
Мерекелік шара

Балаларды қорғау мерекесі қарсаңында «Изуми» сауда желісінде дәстүрлі шара жалғасын тапты. Сауда орталығының басшылығы әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы жанұялардың балаларын арнайы құттықтап, сый-сыяпатын табыстады.

Меркекелік шара сән-салтанатымен басталды. Балаларға жұмсақ ойыншықтар мен кітапқа толы қоржыннан бөлек қосымша қаржылай сыйлық үлестірілді. Мұндай тартуды күтпеген бүлдіршіндердің жүздері бал-бұл жайнап, риясыз қуанышқа бөленді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=DGKohZUxjfk[/youtube]

Өмірәлі Ералиев, «Изуми» сауда желісінің директоры: «Мерекелік сый мұнымен шектелмейді.Бұған қоса 1-маусым күні әрбір балаға циркке билет алып бердік. Балаларға бар жақсылықты тілейміз! Денсаулықтары мықты болып, жүздерінен күлкі кетпесін! Олардың әрқайсысы бақытты бала болуы үшін біздің ұжым да атсаласып жүр.»

Балалар сайқымазақпен бірге ойнады
Бас-аяғы 20 балаға сыйлық үлестірілді

Мерекелік шараның кейіпкерлері сайқымазақпен бірге түрлі ойындар ойнап, сайысқа түсті. Бала көңіл бір сәтке болса да ертегілер еліне еніп, шаттанып жүр. Ойында үздіктер сапынан табылған бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар дайындалған. Ал 10 баланың анасы Ирина Шулакова мұндай акцияға алғаш рет арнайы шақырылыпты.

Ирина Шулакова

Ирина Шулакова, көпбалалы ана: «Алдымен «Изуми» сауда желісінің басшылығына айтар алғысым шексіз. Балаларымызға мереке сыйлады. Барлығы қуанып, ойнап жүр. Сыйлақтары да керемет, бәрімізге ұнады.»

Георгий Шулаков: «Маған велосипед айдаған ұнады. Мұнда өте қызықты ойындар ойнадық. Мен жеңіске жеттім.»

Осылайша «Изуми» сауда желісінің басшылығы мереке қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы 4 бірдей отбасының 20 баласына мерекелік көңіл күй сыйлады. Айта кетейік, бүгінде «Изуми» сауда орталығы жерлестеріміз үшін жазға арналған жаңа маусымның киімдерін ұсынып отыр.