Қорқақтар ерте қартаяды

29-010

Өмірде қорықпайтын адам жоқ шығар, сірә. Біріміз қараңғыдан қорықсақ, енді біріміз жыланнан, судан, оттан қорқамыз. Өзгелерге білдірмеуге тырысқанмен, ішкі жан дүниеміздің түпкіріндегі қорқыныш сезімі біздің дегенімізге бағынбай, күн санап арта түседі. Психологтар үрей туғызатын құбылыстық әсердің қай-қайсының да мезгілдерінің уақтылы, сатылы, қайталамалы, созылмалы, қысқа көріністі, сезімдік бейнелі болып келетінін айтады. Адамның басқаруының тысындағы бұл үрей фобия деп аталады. Әлемде фобияның 40 мыңға жуық түрі бар екен. Бүгінде оның 10 мыңға жуық түрі кеңінен таралған. Соның ішінде, ең жиі тарағаны клаустрофобия, агорафобия, зоофобия, акрофобия, аутофобия, никтофобия.

29-016Клаустрофобия – оңашаланған, тар жерде жалғыз қалу қорқынышы. Статистика бойынша фобияның бұл түрі кең таралған. Ол адамзат баласының 6-7 пайызында кездеседі. Қорқыныштың бұл түрі әсіресе нәзікжандыларда жиі болады екен.

29-014Социофобия немесе агорафобия. Осындай қорқынышы бар жандар өзінің бойындағы сезімдері мен эмоцияларын өзгелер біліп қоймаса екен деген үрейде жүреді. Мұндай қорқыныш көбіне ойлау жағына­н ілгері жүретін, білімді жандарда болады.

29-015Зоофобия – жан-жануарлардан, бауырмен жорғалаушылардан қорқу. Фобияның бұл түрі адамдардың 65 пайызында кездеседі. Әсіресе, бұл үрейге нәзікжандылар бейім келеді.

29-013Акрофобия – биіктіктен қорқу. Аты айтып тұрғандай, бойында бұл дерті бар жан биіктіктен қорқады. Басы айналып, қобалжи түседі. Денесін салқын тер жауып, қысымы көтеріледі.

29-012Никтофобия – қараңғыдан қорқу. Үрейдің бұл түрі жас та, жыныс та талғамайды. Жасөспірім балаларда да, алпысты алқымдаған ерлер мен әйелдерде де кездеседі.

Танатофобия – өлімнен қорқу. Әр адамның бойында бар. Өлімге бас тіккендердің өзі жарық дүниен­і қимайтыны белгілі.

29-011Кәріліктен қорқу. Орта жастағы әйелдер мен 50 жасты алқымдап қалған еркектерде жиі кездеседі.

Үрей, қорқыныш жүйкесі жұқа адамдарға үйір. Себебі, адамның ең сезімтал ағзаларының бірі – жүйке жүйесі. Өмір тәжірибесі көрсеткендей, түрлі жүйке ауруларына, психикалық сырқатқа көбінесе жоғары қызметте, кеңседе қағаздармен, есеппен көп жұмыс істейтіндер, өмір бойы көп қиыншылық, жоқшылық көріп келе жатқан адамдар ұшырайды. Солардың ішінде еркектер 35 пайыз болса, әйелдер 45, кейде 50 пайызға дейін жетеді. Дүние жүзіндегі бірқатар психологтардың айтуынша, адамдар мұндай жағдайда өзіне-өзі көмектесуі қажет.

Айтпақшы…

Үрейленулерден болатын психикалық ауытқу адамды ерте қартайтады екен. Американың Бригам Янг есімді дәрігері осындай қорытындыға келген. Америкалық дәрігер 42 мен 69 жастағы 5000 әйелдің қан үлгісін тексеріпті. Нәтижесінде фобиямен ауыратын әйелдер мен науқастардың арасында қартаю жағынан алты жылдық айырмашылық бар екені анықталған.

Түйін:

Үрей, қорқыныш сана-сезіміңнен шықпай, сонда орнығып алатын мәңгілік құбылыс емес. Оны жеңуге болады. Тек кез-келген қорқыныш, үреймен батыл түрде күресе білу қажет.

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ