Денсаулығына байланысты жиі демалысқа шығатын адамды жұмыстан шығару заңды ма?

762

«Денсаулығыма байланысты демалысқа жиі шығатын болдым. Жұмыс беруші мені жұмыстан шығаруы заңды ма?» Бұл редакция заңгеріне кезекті оқырман қойған  сауалдың бірі.

Айтуынша, кейде өзі, кейде кішкентай ұлы сарқыттанып қала береді. Соңғы сырқаттанып қалғанында басшылық тарапы жұмыстан шығаратынын ескертіпті.

Заңгер Венера Нұрғалиқызының айтуынша, жұмыс беруші қызметкердің жұмысқа шығып, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын алып келуін талап ету керек. Еңбек кодексінің 52-бабының 20-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкерін жұмыстан шығара алады.

«Жүктілігіне және босануға байланысты демалыста болған, сондай-ақ егер ауру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке қабілетсіздіктің неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған болса, еңбек келісімшарты бұзылуы мүмкін»,-деді заңгер.