Шымкетте жол белгілері күннің көзінен қуат алып, жұмыс жасайтын болды. Енді көлік жүргізушілері түн ортасында да жол белгілерін алыстан-ақ анық көре алады. Ал ең бастысы, бұл белгілер қалалық электр желісіне тәуелді емес.

Көше бойындағы көзге ұратын жол белгілері жүргізушілерге алда жаяу жүргіншінің жолы бар екенін еске салады. Күн қуатынан нәр алатын арнайы жарықтанған белгі күндіз түні жұмысын тоқтатпайды. Оның қызметіне бүгінде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер оң бағасын беріп те үлгерді. 

Түн ауа жол белгілері жарқырай көрінеді
Түнде жол белгілері жарқырай көрінеді

Мақсат Беркімбай, қала тұрғыны: «Ескі белгілер көзге онша көрінбейтін, ал қазір бәрі жақсы. Тіпті алыстан күндіз де жақсы көрінеді. Бұл қарттарымызға да жақсы ғой. Олардың кейбірінің көзі нашарлайды. Бұл белгілер балалардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.»

Батареялар күндіз күн көзінен қуат алып, кеш батқанда жол белгілерін жарықтандырып тұрады. Күн сәулесімен қызмет ететін белгілер біздің өңірге Ресейден жеткізілген. Оны Шымкентке орналастыру үшін «Әлем Транс» компаниясына қомақты қаржы бөлініпті. Ал шенеуніктер бұл жоба біз үшін тиімді деп отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=bDmb-gYLAjM[/youtube]

Наурыз Сүгірәлиев, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі: «Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаладағы жаяу жүргіншілердің өткеліне күн батареяларымен жұмыс істейтін 90 жол белгісі орнатылды. Ол мақсатқа қалалық бюджеттен 28 миллион теңге қаржы қаралып, конкурс ұйымдастырылып, қазір орнатылып жатыр.»

Арнайы белгілер жол жиегіне орнатылған

458

Тәжірибе көрсеткендей, жарықтанған жол белгілері орнатылғанымен, автокөлікті тізгіндегендер сол баяғы әдетін қойған жоқ. Арнайы белгі мен жаяу жүргіншінің жолын аңдамайды, соңғы сантиметрге жеткенде адамды көрген соң ғана тежегішті басады. Айта кетейік, жуырда бағдаршам қадағалаушылары Шымқаланың бүкіл көшелеріне күн сәулесінен қуат алатын жол белгілерін орнатуды жоспарлап отыр.