Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бизнес өкілдеріне енді дайын өнімдерді сатуға қол ұшын бере бастады. Арнайы маркетингілік жоспар отандық нарықты бағдарлауға негізделген.
Осыдан бір жыл бұрын ашылған «Қазмебель трейд» өндірістік компаниясы бұл жобаның шарапатын көріп үлгерді. Шағын цех облыс бойынша темір мен өзге де металдан жиһаз өнімдерін нарыққа шығарумен айналысатын бірден бір өндірістік орын болып табылады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=4yLFNVMKfFA[/youtube]
Жоба жетекшілері кәсіпорын тауарларына сұраныстың артып отырғанын айтады. Алайда, шикізат пен маман тапшылығы сұраныс үдесінен шығуда қолды байлап тұр. Өндірістік компания өз тауарларын жеке дүкенінде саудалайды. Компания өкілдері алдағы уақытта тауар түрлерін арттырып, өзге де өңірлердің нарықтық сұранысын қамтысақ дейді. Бұл ретте орталық көмектесуге дайын.