Көшеде қауын-қарбыз сатуға болмайды

702

Көше бойында қауын- қарбыз саудалауға болмайды дегенге қарамастан саудагерлер үйреншікті әдеттерін қояр емес. Бұған дейін аптасына 2 мәрте арнайы рейдке шығатын мамандар қауын- қарбыз піскелі, жұмыстарын ширата түсіпті. Еңбекші ауданының әкімдігі мен кәсіпкерлік бөлімі полицейлермен бірлесе отырып заңды бұзғандарға кезекті рет ескерту беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жыл басынан бері жабайы сауда жасағандарға 2 мыңнан астам хаттама толтырылып, 3 миллион 538 мың тенге айып салған. Соған қарамастан бұл заңсыздық тиылар емес.  Қаланың кез- келген жерін сауда орнына айналдырған азаматарға 5 айлық есептік көрсеткішпен айып салынады.

Төлеметов көшесінің бойындағы бұл саудагерлер нысанадан тыс жерлерде бақша өнімдерін саудалауға рұқсатың жоқтығын білмедік деп ақталса, С.Бәйтереков көшесіндегі саудагерлер  заңға қайшы әрекетін біліп-ақ тұр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Bw7sTF7QMsU[/youtube]

Бір ғана Еңбекші ауданы бойынша 641 хатама толтырылып,2 миллион тенгеден астам әкімшілік айып салынған.Соған қарамастан бұл заңсыздық тиылар емес.

Қала көшелерінде қауын- қарбыз сатуға дислакация сұраған кәсіпкерлерге қала басшылығы келісім бермеген. Жыл сайынғы кәсіптерінен айрылғандар әкімдік ғимаратының алдына келіп дау да шығарған болатын. Ал облыстық мәслихаттың  нысанадан тыс жерлерде сауда жасауға тиым салынған деген шешімі бар.