Шымкентте қауын-қарбыз сатыла бастады

978
Шымкентте қауын-қарбыз сатыла бастады

Қауын-қарбыз да пісіп қалды. Шымкент базарларына Оңтүстік аудандардағы шаруалар өсірген бақша өнімдері сатылуда. Саудагерлердің айтуынша, алғашқы қауын-қарбыз шаһарға 5 маусымнан бастап жеткізіліпті. Ал осы бақша өнімдеріндегі нитраттың мөлшерін тексеріп жүрген санитар мамандар оның адам ағзасына айтарлықтай қаупі жоғын айтуда. Дегенмен, қауын-қарбызды аса көп жеуге болмайды деп, сақ болуға шақырады.

Бүгінде базардағы қарбыздың көтерме бағасы әр келісіне 50 теңге болса, қауынның келісі 120 теңгеден сатылуда. Саудагерлер бағаның жуық арада тез төмендейтініне сенімді, себебі күн сайын қалаға әкелінетін өнімдердің көлемі көбейіп келеді.