Ауылшаруашылық саласына 1700-ден астам талапкер құжат тапсырған

31-шілде күні сағат 21:00-де мемлекеттік білім грантын бөлу конкурсына құжат қабылдау аяқталады. Сондықтан болар, облыс орталығындағы құжат қабылдау комиссиясының алдына жиналған талапкерлердің қарасы қалың. Аудан-қалалардан келген жастар кеңесшісінің айтқанына құлақ түріп, шартта көрсетілген төрт қала мен ондағы жоғарғы оқу орындарын таңдап, байқауға қатысуға ниет білдіруде.

Әзірге бір ғана М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дегі құжат қабылдау бекетіне 6000-нан астам адам конкурсқа қатысу үшін құжат тапсырған. Талапкерлердің басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласындағы мамандықтарды таңдапты.

Ауылшаруашылық саласына 1700-ден астам талапкер құжат тапсырған
Ауыл шаруашылығы саласына 1700-ден астам талапкер құжат тапсырған 

Қанат Байболов, М.Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры: «Химия-технологиялық факультеттерге бүгінгі таңда 521 талапкер құжаттарын тапсырып отыр. Және биотехнология мамандығына 160 құжат түскен. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі бойынша бүгінгі таңда 200-ге жуық құжаттар тапсырылды деген ақпарат бар. Негізінен техникалық мамандықтарға, ғылыми-педагогикалық салаларға және биология пәні мұғалімдігі, дефектология, екі шет тілі мамандығына тапсырушылардың қатары көп.»

Орта арнаулы оқу орнын тәмамдаған түлектерге 2000-нан астам білім гранты бөлінген
Орта арнаулы оқу орнын тәмамдаған түлектерге 2000-нан астам білім гранты бөлінген 

Биыл республика көлемінде 33 мыңнан астам білім гранты бөлінген. Оның 5 мыңы педагогикалық мамандықтың еншісінде. 12 600 грант техникалық мамандықтарға тиесілі. Сондай-ақ, орта арнаулы оқу орнын тәмамдаған түлектер бұл жеңілдіктен тыс қалмайды. Олар үшін 2 мыңға жуық білім гранты бөлінген.

Айта кетейік, тегін білім алу мүмкіндігін жеңіп алғандардың есімі 10-тамыз күні белгілі болады. Ал байқаудан сүрінгендер 25-тамызға дейін жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне құжат тапсыра алады.