Оңтүстік боксшылары Федерация кубогіне дайындалуда

192
Көкшетаудағы сынақта топты жарса, жерлестеріміз ақтық сынға жолданады.

Оңтүстіктің боксшылары жаттығуларын күшейткен. Жиырмаға жуық былғары қолғап шебері он күндей Қажымұқан атындағы орталық стадионның залында шеберліктерін шыңдайтын болады. Олардың дайындығын облысымыздың тәжірибелі бапкерлері қадағалап отыр. Өйткені бірнеше күннен кейін бұл спортшылардың арасынан іріктеу жүргізіліп, құрама команда жасақталады.

Бұл боксшылар оңтүстіктен жиналған үздіктер.

Мұндай оқу-жаттығу жиындары еліміздің барлық облыстарында жүргізілуде. Өйткені, тамыздың бірінен бастап Көкшетауда бокс федерациясының кубогі өтеді. Ол жарысқа Оңтүстіктен 17 жерлесіміз жол тартпақ. Олардың арасында Алмас Әліпбеков та бар. Шымкенттік боксшы 64 келі салмақта Қазақстан чемпионы, Елбасының жүлдесін де жеңіп алған. Бұл жолы да алтын медальға үміткер осы – Алмас.

Алмасбек Әліпбеков облыс үмітін ақтау үшін күніне екі реттен жаттығады.
Алмасбек Әліпбеков облыс үмітін ақтау үшін күніне екі реттен жаттығады

Өкініштісі сол – федерация кубогіне Оңтүстіктің №1 үш бірдей боксшысы қатыспайды. Біржан Жақыпов бастаған үш жерлесіміз бұл күндері Түркияда жүр.

Көкшетаудағы сынақта топты жарса, жерлестеріміз  ақтық сынға жолданады.
Көкшетаудағы сынақта топты жарса, жерлестеріміз ақтық сынға жолдама алады

Спортшыларымыз Көкшетаудағы кездесулерде топты жарса, желтоқсан айында Елордада өтетін ақтық кездесулерге жолдамаға ие болады. Сол себепті боксшылар да, бапкерлер де аянбай тер төгуде.