Оңтүстіктің өнерлі қыздары әлемді таң қалдырды. Қалалық «Би таңы» мектебінің шәкірттері Еркежан Асқарова, Амина Иманғали және Валеря Цитаренко Италияда өткен халықаралық байқауда 1-ші орынды жеңіп алды. Шағын топты құраған жасөспірімдер «әндіжан» және «жәннәт бақшасы» атты компазицияларын орындаған.
Айта кету керек бұл өнерпаз қыздар бұған дейін де бірқатар халықаралық байқауларда жүлделі орындардан көрінген. Жеңімпаздарды әуежайдан ата-аналары мен мектеп ұжымы қарсы алды.