Францияда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр

23

Францияда энергетикалық дағдарыс ушығып тұр. Бензин тапшылығынан елдегі жанармай құю бекеттері жабылып жатыр. Ал сұраныс күннен күнге артуда.

Мұнай-газ компанияларының қызметкерлері болса, еңбек жағдайы жақсарып, жалақы көтерілмесе жұмысқа шығудан бас тартады. TotalEnergies компаниясының мамандары бір аптадан астам уақыт бойы наразылық акция ұйымдастыруда.

Оливье Веран, Франция үкіметінің ресми өкілі: «Францияның бірнеше мұнай өндіру зауыттарында наразылық акциялар ұйымдастырылды. Оның төртеуі TotalEnergies компаниясына тиесілі. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Жанармай құю бекеттерін қордағы бензинмен қамтамасыз етуге тырысамыз».