Сәулеліктер суға зәру

208
Ауыз суға 450 үй зәру

«Сәуле» шағынауданының тұрғындары да шілденің ыстығынада аптығын басатын ауызсу таппай отыр. Осыдан 2-3 жыл бұрын үйлеріне су құбырлары кіргізілп, төбелерін көкке жеткізген болатын. Бірақ қуаныштары су сепкендей басылды. Өйткені ол құбырларда әлі күнге дейін бір тамшы су ақпаған.

Ауыз суға 450 үй зәру
Ауыз суға 450 үй зәру

Аззатық және Келес көшелеріндегі 450 отбасы өздерін қала тұрғындарындай сезінбейді. Тіршілік нәрінің тапшылығы әбден қинаған. Ауызсуға қол жеткізесіңдер деп тартылған құбыр қуаныштарына айналудың орнына көзбояушылықтың белгісіндей болып тұр.

Райымқұлова Орал, «Сәуле» шағынауданының тұрғыны: «Су бермейді. Судың бәрі құрттап кеткен, міне! Облыс әкімінің құлағына жетсін осы, өлетін болдық. Немере, балашағамыз бар. Депутат не үшін сайланады? Халық үшін сайланады! Басшылар естісін. Әйтпесе Назарбаевқа хат жазамыз. Шілдеде қиналып жатырмыз.»

Cу құбырларын жүргізген мердігер мекеме жұмысты аяқсыз қалдырған көрінеді. Ашулы қазан ашық күйінде жатқанына 2-3 жылдың жүзі болыпты. Ал «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-нің мамандары «Жергілікті билік жұмысты бітіріп, біздің меншігімізге өткізсе, тәулігіне 24 сағат таза ауызсумен қамтамасыз етуге дайынбыз» дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=neCIZOJekIo[/youtube]

Кұттыбай Асырауов, «Су ресурстары — Маркетингі» ЖШС бас директорының орынбасары: «Мердігерлер тендерлерді ұтып алады. Адамдары жоқ, құрал-саймандары жоқ — тастайды да кетіп қалады. Қалада ондайлар көп. Мердігерлер «Сәуле» шағынауданының ішкі орам құбырын біткенімен, ауызсу беретін — орталық құбыр. Су беретін мына сорғы бітті. Енді осыдан бастап Қазығұртқа дейінгі құбырды мердігер тастап кеткен. Сол құбырларды қала әкімі қолға алып, басқа мердігерлерге істетіп жатыр. Сол құбырлар бітсе «Сәуле» шағынауданындағы ішкі орамдарына су жіберуге болады.»

Мұндағы халық тек ауызсуға ғана зәру емес, сонымен қатар қоқыстан құтылу да бас ауруына айналғанын айтады. Ал көгілдір отын тұрғындардың тең жартысында жоқ. Өйткені, қарапайым халықта табиғи газдың құбырын тартуға қаржы да жоқ.