Тәртіп бұзғандар жазасыз қалмайды

264

Сарыағаш аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Бижанов қызметінен кетеді. Осыдан бірер сағат бұрын облыс әкімдігінде өткен мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы тәртіптік кеңес отырысында кеңес мүшелері осындай шешім шығарды. Бұл шешім аудан әкіміне ұсынылады.

vlcsnap-2014-07-25-14h21m07s127

Айыпты болған лауазым иесі мемлекеттік сатып алуды орындау барысында заңды бұзған. Сонымен қатар жиында өңірлік сот актілерін орындау департаментінің басшысы Рыспек Рымбекұлының да тәртіптік ісі қаралды. Ал облыстық кәсіпкерлік және индустриялды инновациялық даму басқармасы бөлімінің басшысы Рая Қохаеваның ісі прокуратураның қарауына қайта жіберілді.