Жаңа оқу жылына еліміз дайын деген білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов біркелкі мектеп формасын енгізудің де жағымды жақтарын атап өткен болатын. Оның пікірінше, бұл оқушылардың тәртiбiн қамтамасыз етедi және бiр сыныпта оқитын балалардың барлығын бiр-бiрiмен теңестiредi.
Мектептер форманың сапасы мен бағасының сәйкестігін бақылауы тиіс дейді министр. Біздің өңірде дәстүрлі мектеп формасы өзгерген жоқ. Министр ұсынған біркелкі форма бүгін-ертең қолданысқа енгелі отырған жоқ. Мұны облыстың бас мұғалімі жария етті.
«Министрдің ұсынысы ешқандай нормтативтік ережелермен бекітілген жоқ. Форма бұрыңғыдай. Кейбір мектеп-лицейлердің өздерінің арнайы мектеп формалары бар. Бірақ дәстүрлі форма өзгерген жоқ» деді Альбина Балғабайқызы.