30-тамыз — Конституция күніне орай облыстық мәслихаттың хатшысы Құдайберген Ержан он азаматты мақтау қағазымен марапаттады. Бұл күні құрметтелген құқық қорғау саласының қызметкерлері мен білім саласының білгірлері — өз ісінің майталмандары. Олар осы жетістіктерге жетуіміз Ата заңы ардақты еліміздің арқасында дейді.
Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары сот орындарына қарапайым бұқара тарапынан түсетін арыз-шағымдардың саны артқан. Бұл өз кезегінде мемлекетіміздегі әрбір азаматтың өз құқын қорғай алатындығын және Конституцияны білетіндігін айғақтайды.