Турфирма өкілдері: «Шетелге саяхаттауға қорқыныш жоқ»

475
Жерлестеріміз шетелге саяхаттауға қорқып отыр

Жерлестерімізді көрші елдердегі түрлі аурулар мен ондағы ішінара алауыздықтар алаңдатып отыр. Салдарынан бүгінде саяхатқа шығушылардың қатары азайған. Бұл жөнінде қаламыздағы ірі туристик компанияның өкілдері мәлімдеді.

Айтуларынша, Израиль мен Палестинаның арасындағы соғыс шымкенттік жолаушылардың саяхаттан бас тартуына сеп болған. Бірақ турфирма өкілдері қазір Израильда ауа райы тым ыстық, демалу маусымы қыркүйек айында басталады және сапардан қорқудың еш қажеті жоқ деп сендіреді.

Жерлестеріміз шетелге саяхаттауға қорқып отыр

Әлима Оңғарбаева, туристік фирманың менеджері: «Израильден Оңтүстік Тель-Авивке ғана баруға болмайды. Себебі онда соғыс болып жатыр. Елдің басқа қалаларына емін-еркін саяхаттаауға болатынын айтқым келеді. Визаны қазірден ашуына болады. Ал Біріккен Араб Әмірліктерінде тыныш, Дубайға қыдыру үшін де жағдай жасалған. Сауд Арабиясына да жолымыз ашық, үлкен және кіші қажылыққа еркін баруға болады.»

Туристік фирма өкілдерінің сөзіне сенсек, Сауд Арабиясында ешқандай ауру-дерт жүріп жатқан жоқ, бұл елге баруға ешқандай тыйым да салынбапты. Жерлестеріміз емін-еркін саяхаттауына болады. Саяхатшылар арасында Солтүстік Африка аумағына ғана баруға тыйым салынған. Себебі ол елде Эбола безгегі өршіп тұр. Бұдан бөлек жерлестеріміз көбіне Малайзияға баруға құлық танытады екен.