Алты вагон заңсыз тауар тәркіленді

307

Шымкент тұрғыны жалған құжат жасап, құны 137 миллион теңгенің тауарын Ираннан заңсыз әкелген. Мұндай фактіні кедендік бақылау департаменті мамандары анықтады.

Кеденшілердің айтуынша, контрабандалық тауар 6 вагонға тиелген. Сарыағаштағы кеден бекетінде анықталған заңсыздық Шымкент тұрғынының құжаттарын тексеру барысында әшкереленді.

Қазіргі таңда ұсталған азаматтың үстінен 2 қылмыстық іс қозғалды. Барлық материалдар прокуратураға жолданған. Тексеру жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.